Адал азамат


«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық құндылықтар негізінде адал, еңбекқор, отансүйгіш азамат етіп тәрбиелеу.

Біздің «Ару-Қазына» балабақшасында қалай жүзеге асырылады:

1. Ұлттық құндылықтар:

  • Тілге құрмет, салт-дәстүрді үйрету
  • «Сәлеметсіз бе?», «Рахмет» деп айтуға үйрету

2. Адалдық және әділдік:

  • Затты рұқсатсыз алмау
  • Шындықты айту
  • Бір-бірімен бөлісу

3. Еңбекқорлық:

  • Ойыншықтарды өз орнына жинау
  • Өз киімін өзі киюге үйрету
  • Табиғат бұрышын күту

Фото-есептер: Балалардың іс-шаралардағы суреттерін осында саламыз.